Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

«ҰЗМИ» РМК делегациясы «Franch Day» халықаралық кездесуіне қатысты

23 қараша, 2018

«ҰЗМИ» РМК делегациясы (директордың орынбасары Н.А. Әбілқайыров бастаған) Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы мен «Kaz Franch» қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясы ұйымдастырған «Franch Day» халықаралық кездесуіне қатысты.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры А.А.Түлкубаев құттықтау сөз сөйледі. Кездесуге Астана қаласының әлеуетті серіктестері мен әрекет етуші бизнесмендері шақырылды. Іс – шара кәсіпкерлік саласындағы өзекті тақырып-франчайзингке арналды. Қатысушылар франчайзингтің заманауи жаңалықтарын, франчайзингтік желіні құру құпияларын, заманауи бизнесті жүргізудің негізгі стандарттарын, іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас, келіссөздер және бизнес саласының басқа да мәселелерін талқылады. Кездесу барысында ҰЗМИ өкілдері өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды иелену туралы шарттарды тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берді.