Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

ДЗМҰ РСТ мәселелері бойынша ұлттық семинар өтті

29 қараша, 2018
2018 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Патенттік кооперация туралы шартты жетілдіру бойынша ұлттық семинары өтті.
Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты Қазақстанның өнертапқыштары арасында РСТ жүйесі бойынша халықаралық патенттеу саласында хабардарлықты арттыру болып табылады.
Семинарға Қазақстанның патенттік сенім білдірілген өкілдер, ұлттық компаниялар, агенттіктер, жоғары оқу орындары, медициналық мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ Еуразия патенттік ведомствосының сарапшысы Нигина Тагаева қатысты.
Баяндамашылар ретінде ДЗМҰ РСТ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бағдарламалар үйлестірушісі Ольга Крысанова, «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова, сондай-ақ АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының Жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Эльвира Яушева сөз сөйледі. Іс-шараның модераторы «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Қалия Батаева болды.
Өз презентациясының барысында Ольга Крысанова өтінім берудің негізгі кезеңдері, халықаралық іздеу, халықаралық алдын ала сараптама, Ұлттық фазаға көшу және бірқатар елдерде ұлттық фазаның кейбір ерекшеліктері, РСТ жүйесінің мерзімдері, e-PCT порталы арқылы электрондық беру тәсілін қарастыру, сондай-ақ берілген өтінімдер саны бойынша елдердің статистикалық көрсеткіштерін қарастырды.
Сонымен қатар, баяндамашы Қазақстанның 2018 жылғы Жаһандық инновациялық индексіне сәйкес оң динамикасын атап өтті: «пайдалы әрекет коэффициенті» критерийі бойынша Қазақстан 111 орын алды (2017 жылы 116 орын), ал жалпы бағалау бойынша (0 – ден 100-ге дейін) - 74 орын (2017 жылы 78 орын).
«ҰЗМИ» РМК-ның РСТ жүйесі бойынша алушы ведомство ретіндегі функциялары, өтінім мен басымдыққа қойылатын талаптар, өтінімге өзгерістер енгізу туралы Алтынай Батырбекова өз сөзінде айтып берді. АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының, соның ішінде зияткерлік меншік мәселелері бойынша істерді қарау жөніндегі қызметі туралы Эльвира Яушева сөз сөйледі.
Семинар соңында дөңгелек үстел өткізіліп, спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Суретте: Ольга Крысанова, ДЗМҰ РСТ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бағдарламалар үйлестірушісі

Суретте: Эльвира Яушева, АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының Жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы