Ұлттық зияткерлік меншік институты
Ағымдағы жылдың 06 желтоқсанында Алматы қ. соттарының жобалық кеңсесінде зияткерлік меншік мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Аталған шараға «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының директоры – З.О. Орынбекова «Зияткерлік меншік саласындағы ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістер» тақырыбында баяндамасымен, Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы – Г.Ұ. Жакитова, Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы – Ж.Е. Омарбекова қатысты.
Шара азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Б.Б. Касеиновтың құттықтау сөзімен басталды. Дөңгелек үстелде Алматы қалалық соты, арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты соттарының және Алматы қ. Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өкілінің баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, талқылауға мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйымдар және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.