Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 11 желтоқсанында ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Қарлығаш Есембаева, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов, директордың орынбасары Ермек Қуантыров және қазақстандық ведомствоның басқа да өкілдері атынан делегация Ресей Федерациясының зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметіне (Роспатент) жұмыс сапарымен барды.
Сапардың мақсаты зияткерлік меншік объектілерін тіркеу саласында Роспатентпен тәжірибе алмасу, сараптамалық рәсімдерді оңтайландыру мәселелерінде Ресей ведомствосының озық тәжірибесін зерделеу, қызмет көрсетуде сандық форматтарға көшу, қазақстандық ведомство сарапшыларын оқыту және біліктілігін арттыру мәселелерінде Роспатент, Федералдық өнеркәсіптік меншік институты (ФӨМИ) және Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясымен (РМЗМА) ынтымақтастықты нығайту болды.
Сапар барысында қазақстандық делегация Ресей Федерациясындағы ДЗМҰ-ның технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО) қызметінің тәжірибесімен, ІТ-саласындағы өнертабыстарға сараптама жүргізу бойынша ФӨМИ тәжірибесімен, халықаралық іздеу органы ретінде Роспатент тәжірибесімен, ФӨМИ жобалау кеңсесінің жұмыс тәжірибесімен танысты.
«ҰЗМИ» РМК мен ФӨМИ жобалау кеңсесімен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау қорытындысы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында Астанада семинар/тренинг өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
РМЗМА ректоры Иван Близнец қазіргі уақытта академия Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметшілері үшін білім беру курсын әзірлеп жатқанын және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін осы курсты бейімдеуге дайын екенін атап өтті.
Кездесуге қатысқан Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті Сауле Тлевлесова Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы екі елдің ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Роспатент басшысы Григорий Ивлиев Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік ведомствосының делегациясына өнімді бірлескен жұмысы ЕАПҰ шеңберінде және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) деңгейінде Ресей бастамаларын қолдау үшін, атап айтқанда, қоюшы-режиссерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі бастамалар және бірлескен патенттік жіктеу жүйесіне (СРС) жұмысшы ретінде орыс тілін енгізу жөніндегі бастамалар үшін алғысын білдірді.
«ҰЗМИ» РМК директоры Е.К. Оспанов өз кезегінде Роспатент басшысы Григорий Ивлиевке екіжақты кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді және Қазақстан мен Ресей ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін білдірді.
Роспатент басшысы Григорий Ивлиевжәне«ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов |
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Қарлығаш Есембаева,«ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспановжәне директордың орынбасары Ермек Қуантыров |