Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 12 желтоқасанында ҚР ӘМ зияткерлік құқық департаментінің директоры Қарлығаш Есембаеваның, ҰЗМИ РМК директоры Ербол Оспановтың, директор орынбасары Ермек Қуантыровтың және қазақстандық ведомстваның екі өкілінің бастауымен Қазақстан делегациясы ЕАПВ директоры Сауле Тлевлесовамен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, ведомствоны цифрландыру және өтініштерді қарастыру уақытын қысқарту, Еуразиялық өтінімдерді жіберу бойынша ЕАПҰ мен ҰЗМИ арасындағы электрондық өзара әрекеттесу перспективалары, қарсылықтарды қарастыру және сапаны бақылау, ЕАПҰ мен ҰЗМИ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері Қазақстан Республикасында еуразиялық патенттердің жарамдылығына қатысты даулар және т.б. талқыланды.