Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 13 желтоқсанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметкерлері мен студенттеріне «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына аталған университеттің оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және студенттері қатысты.
Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, авторлық құқық объектілері туралы мысалдар арқылы кеңінен мәлімет берді.
Қатысушылар семинар барысында белсенділік танытып, авторлық құқықты қорғау, оларды заңсыз пайдалану және электронды өтінім беру туралы сұрақтар қойды.
Шара соңында Ғылыми бөлімнің басшысы Г.У. Байташева институт өкілдеріне өзінің зор ризашылығын білдірді.