Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 27 желтоқсанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «PROTRAINER» ЖК қызметкерлеріне «Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына аталған ұйымның басшылығы, жаттықтырушылары және әкімшілігі қатысты.
Лектор ретінде Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Н.Т. Айдарбеков дәріс оқып, тауар таңбаларымен өнеркәсіптік үлгілер туралы мысалдар арқылы кеңінен айтып берді.
Қатысушылар семинар жұмысында белсенділік танытып, тауар таңбасы мен өнеркәсіптік үлгіні қорғау, оларға қатысты құқықбұзушылықтар турасында сұрақтар қойды.
Шара соңында «PROTRAINER» ЖК директоры О.В. Тен институт өкілдеріне зор алғысын білдірді.