Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК ЖӘНЕ ASTANA HUB: ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

14 қаңтар, 2019

2019 жылғы 14 қаңтарда директор Ербол Қанатұлы бастаған «ҰЗМИ» РМК басшылығы мен Әділет Нұрғожин бастаған IT – стартаптардың халықаралық Технопаркінің Astana Hub басышылығы кездесті.

Кездесу барысында Әділет Нұрғожин Технопарктің негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы хабарлады. Ол атап өткендей, 2025 жылға қарай Astana Hub бітіруші компаниялардың жиынтық капиталдандыруын $1 млрд. арттыруға ниетті. Astana Hub негізгі өнімдері ретінде программист, инвестор, трекерлер, стартап, IT – мамандар мектептері; Z - Journal – ақпараттық – білім беру порталы; #Garage – қарқынды 3 (акселератор) және 6 (инкубатор) айлық стартаптарды дамыту бағдарламаларын атап өтті. Astana Hub барлық резиденттері үшін жобаларды жүзеге асыру барсыныда инвесторлар клубы, түрлі курстар мен іс-шаралар өткізуді, сарапшылардан көмек көрсетуді, БАҚ-тағы PR, қауымдастық пен нетворкинг пен жұмыс кеңістігін ұсынады.

Өз кезегінде Ербол Қанатұлы «ҰЗМИ» РМК – ның басым міндеттерінің бірі IT-шешімдерді патенттеу және жүйелі негізде кеңестер өткізу жолымен, патенттік құқықтарды ресімдеуге көмек көрсету, сондай-ақ Astana Hub барлық мүдделі резиденттерін тарта отырып, Технопарк алаңында бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу болып табылатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар таяу уақытта Astana Hub аумағында «ҰЗМИ» РМК -ң фронт офисінің ашылуы туралы өзара шешімге келді, оның негізгі мақсаты IT – шешімдерді патенттеу мәселелері бойынша тұрақты негізде кеңес беру, өтінімдерді ресімдеу бойынша көмек көрсету, сондай-ақ тауар белгілерін және зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін тіркеу кезінде көмек көрсету болып табылады.

Бұдан басқа, қойылған міндеттерді іске асыру үшін бірлескен жұмыстар мен іс-шаралар жоспарын қамтитын екі жақты келісімге қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу жылы атмосферада және өзара пайдалы мүддеде өтті.