Ұлттық зияткерлік меншік институты
«ҰЗМИ» РМКAstana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркімен ынтымақтастығы шеңберінде технопарк аумағында фронт офисінің ашылуы жайында хабарлайды.
Фронт офистің негізгі мақсаттары IT - шешімдерді патенттеу мәселелері бойынша кеңес беру, өтінімдерді ресімдеу бойынша көмек көрсету мен тауар белгілерін және зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін тіркеу кезінде көмек көрсету болып табылады.
Офистің жұмыс істеу кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағ. 14.00 ден 18.00-ға дейін.