Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«QAZAQ» РАДИОСЫНДА «ӨНЕРТАПҚЫШ» РАДИОХАБАРЫ

25 қаңтар, 2019

2019 жылдың 25 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК «QAZAQ» радиосымен бірлесіп ұйымдастырған жаңа «Өнертапқыш» циклынан алғашқы радиохабары өтті. Бағдарламаның жүргізушісі Әйгерім Оралбекқызы жыл бойы өздерінің өнертабыстары туралы айтып беретін Қазақстандық өнертапқыштарды студияға шақырады. Бағдарлама апта сайын жұма күні сағат 15.30 шығады және YOUTUBE арна арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Жыл соңында тыңдаушылардың пікірлері мен дауыс беру қорытындысы бойынша ең қызықты өнертапқышқа «QAZAQ» радиосы естелік сыйлықты атап өтеді. Бүгін «QAZAQ» радиосында Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының профессоры, Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты директоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (ХАА), химия ғылымдарының докторы, профессорыРахмадиева Слукен БиғалиқызыжәнеҚР ӘМ«ҰЗМИ»РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Артықова Айдын Қыдырбаевнақонақтаболды.

Слукен Биғалиқызы 250-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, Қазақстан Республикасының 30-дан астам патенттерінің және КСРО авторлық куәліктерінің, тауар таңбасына куәліктердің, жаңа дәрілік заттарға тіркеу куәліктерінің, өндіріске өнеркәсіптік регламенттердің иегері болып табылады.

Слукен Биғалиқызының ғылыми қызығушылығы саласына табиғи қосылыстар химиясы, биоорганикалық және органикалық химия, биохимияның аралас салалары, дәрілік заттар химиясы, фармацевтикалық химия және фармакогнозия кіреді.