Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰК АҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

28 қаңтар, 2019

2019 жылғы 28 қаңтарда «ҰЗМИ» РМК өкілдері Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Айдын Артыкова бастаған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ өкілдерімен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ағымдағы, ұзақмерзімді және салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған ғарыш технологияларын енгізу; ғарыш жүйелері мен кешендерін құру жөніндегі тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

Артыкова Айдын «ҰЗМИ» РМК-ның негізгі қызметі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, осы қызметтердің құны, заңнамадағы соңғы өзгерістер және зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтың маңыздылығы туралы айтып берді.

Сонымен қатар өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері бойынша химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының бастығы Руслан Хамитов; физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының басшысының м.а. Салтанат Үмбетова және өнертабыстар мен селекциялық жетістіктерді формальды сараптау басқармасының бас сарапшысы Айнұр Сатанова дәріс оқыды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ өкілдері бірқатар өнертабыстарды патенттеуге, сондай-ақ әр түрлі әдістемелерге авторлық құқықтарды тіркеуге қызығушылық танытты. Өз кезегінде ҰЗМИ РМК өкілдері өнертабыстарды патенттеу және авторлық құқықтарды тіркеу кезінде көмек көрсету және құқықтық көмек көрсету туралы ниеттерін білдірді.

Тараптар алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты және жақын арада «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-ның стратегиялық әріптесі «Airbus Defence and Space» француз компаниясымен тағы бір кездесуді белгіледі.