Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide

«ҰЗМИ» РМК мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

01 ақпан, 2019
2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен "ҰЗМИ" РМК өкілдері ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мақсатында Назарбаев Университетіне іскери сапармен барды.
Кездесуді Назарбаев Университетініңинновация жөніндегі вице-президенті Ерден Құсаин, Назарбаев Университетінің проректоры Илесанми Адесида, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі Ермек Қуантыров және "ҰЗМИ" РМК директоры Ербол Оспанов алғы сөзбен ашты, олар Университет Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны ретінде және Институт Ұлттық патенттік ведомство ретінде арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын растады.
Ербол Оспанов пен Илесанми Адесида "ҰЗМИ" РМК мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жасалған меморандум аясында тараптар инновациялық экономиканы дамыту, адами капиталды арттыру және Қазақстанда жоғары технологиялық білім өндіру саласында ынтымақтасуға ниетті.
Меморандумға қол қою қорытындысы бойынша «ҰЗМИ» РМК Назарбаев Университетінің қызметкерлері мен студенттері үшін зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.
«ҰЗМИ» РМК өкілдері Институт қызметі туралы айтып, зияткерлік меншік объектілерін ұлттық және халықаралық тіркеу, тіркелген объектіге айрықша құқыққа иелік ету шарт, Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық негіздері бойынша таныстыру презентацияларын көрсетті, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы соңғы өзгерістерді баяндады.
Іс-шара соңында тараптар қол қойылған Меморандумға сәйкес екіжақты ынтымақтастық салаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында хабардарлықты және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында осындай оқыту іс-шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

"ҰЗМИ" РМК директоры
Ербол Оспанов

Назарбаев Университетінің проректоры
Илесанми Адесида

Назарбаев Университетініңинновация жөніндегі
вице-президенті
Ерден Құсаин

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі
Ермек Қуантыров