Ұлттық зияткерлік меншік институты
7 ақпанда «ҰЗМИ» РМК басшылығы мен сарапшыларының қатысуымен «IT саласындағы шешімдерді патенттеу. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және сақтау» тақырыбында Astana Hub алаңында оқыту семинары өтті.
Құттықтау сөзімен және Институттың басты қызметтері туралы презентациясын «ҰЗМИ» РМК директор орынбасары Н. Абулкаиров ұсынды. Ол өз сөзінде Astana Hub-ке осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын айтып, болашақта белсенді ынтымақтастыққа ниетін білдірді.
Әрі қарай, өз презентациясын өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы А. Батырбекова ұсынып, өз презентациясында өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді тіркеудің ұлттық тәжірибесімен таныстырды. Спикер IT - технологияларын патенттеу мәселесі бойынша компьютерлік жүйелерін, деректерді өңдеу және тану тәсілдерін біріктіретін цифрлық есептеу машиналарына берілген патенттер санының елеулі өскенін айтып өтті. «Бұл бағыт бойынша «ҰЗМИ» РМК жалпы саны 210 патент: оның ішінде 115 – ұлттық өтінім берушілерге, ал 95 – шетелдік өтінім берушілерге берген» Презентацияның соңында спикер IT өкілдерінің IT - технологияларын шетелде тіркеу жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Келесі «Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жердің атауларын заңды қорғау» тақырыбында «ҰЗМИ» РМК тауар таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы А. Казиева сөз сөйледі. Презентация барысында спикер тауар таңбаларын ұлттық және халықаралық дейгейде тіркеу бойынша жан-жақты ақпаратын ұсынды. «Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау» мәселесі бойынша өнеркәсіптік үлгілер басқармасының басшысы Л. Салкен сөйледі. «Қазақстандағы авторлық құқық» атты презентациясын авторлық құқық басқармасының басшысы А. Тайшева ұсынды. Ол өз сөзінде Қазақстандағы авторлық құқықтың негіздері туралы айтып өтті.
Семинар барысында қонақтар «ҰЗМИ» РМК өкілдеріне сұрақтарын белсенді қойып, егжей - тегжейлі жауаптарын алды. Семинар соңында ұйыдастырушылар «ҰЗМИ» РМК өкілдеріне өткен іс-шара үшін және берілген ақпараттары үшін алғысын білдірді.
Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы А. Батырбекова |
Тауар таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы А. Казиева |
Өнеркәсіптік үлгілер басқармасының басшысы Л. Салкен |
Авторлық құқық басқармасының басшысы А. Тайшева |
Залдағы сұрақтар |