Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында оқу семинары өткізілді

13 ақпан, 2019
2019 жылы 13 ақпанда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында (бұдан әрі – Орталық) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың мәні туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында "ҰЗМИ" РМК өкілдерінің қатысуымен Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинар барысында институт қызметі туралы бірнеше сұрақтар талқыланды. Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артықова құттықтау сөз сөйлеп, "ҰЗМИ" РМК жұмысы туралы және жалпы Қазақстанның патенттік жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы айтты. Орталық қызметкерлері Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Салтанат Умбетова өнертабыстар мен пайдалы модельдерді ұлттық және шетелдік патенттеу процесімен таныстырды. Тауар таңбалары, ТШЖА және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Асемгуль Казиева тауар таңбаларын ұлттық және халықаралық тіркеудің негізгі сәттерін баяндады. Қатысушылар зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық шарттарды тіркеу тақырыбына барынша қызығушылық танытты. Мемлекеттік тізілімдер, жарияланымдар және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу департаменті Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқару туралы шарттарды тіркеу басқармасының басшысы Дархан Нығметов лицензиялық шарттарды тіркеу туралы толығырақ айтып берді, басқа да шарттардың түрлерімен айырмашылықты атап өтті, соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерді келтірді.
Орталық басшысының орынбасары Вячеслав Советскийдің басшылығымен қатысқан қатысушылар осы іс-шараны өткізудің маңыздылығы мен оң әсерін атап өтті, "ҰЗМИ" РМК қызметкерлеріне оны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты және 2018 жылы жасалған "ҰЗМИ" РМК мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тұрақты негізде осындай семинарлар мен консультациялар өткізу туралы ұсыныс жасады.