Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылғы 15 ақпанда «ҰЗМИ» РМК «QAZAQ» радиосымен бірлесіп ұйымдастырған жаңа «Өнертапқыш» циклынан кезекті радиохабар өтті. «QAZAQ» радиосында қонақта «СтройБытНевтеХимТехнология» ЖШС директоры, жоғары білікті химик-технолог, тұрмыстық химия және құрылыс саласындағы бірқатар инновациялық патенттердің иесі, «Синтетикалық жуғыш құралы» атты өнертабысының «Шапағат» өнертапқыштар конкурсының дипломанты (2013) Досмағамбетова Маржан Қуанышқызы болды.
Маржан Қуанышқызы «Синтетикалық жуғыш құралы» атты өнертабысы натрий метасиликатының жоғары құрамы есебінен жуудың тиімділігін арттыру үшін әзірленген. Ол қоршаған ортаға зиянсыз экологиялық қауіпсіз жуу құралы болып табылады. Маржан Куанышевнаның айтуынша, қазіргі уақытта ол «Иондар фосфаты мен биологиялық рекультивация көмегімен топырақты мұнаймен ластанудан тазарту» жобасымен жұмыс істейді.
Маржан Куанышевнаның білімі бойынша химик-технолог, бірнеше рет тұрмыстық химия бойынша Халықаралық көрмелер мен конференцияларға қатысты. Оның инновациялық патенттерінің бірі – «Бетон беріктігін арттыру тәсілі». Өнертабыс құрылыс материалдары өнеркәсібіне жатады және мұнай қалдықтарын бір мезгілде кәдеге жарата отырып, бетон бұйымдарының беріктігін арттыруға еңбек шығындары мен уақытты қысқартуға бағытталған.