Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 25 ақпанында "ҰЗМИ" РМК-ға Өзбекстан Республикасының зияткерлік меншік агенттігінің делегациясы (Халықаралық бөлім басшысы Бахром Рахимбердиев, Формальды сараптама бөлімінің басшысы Уктам Ибрагимов, Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу мониторингі бөлімінің басшысы Жахонгир Мансуров және Тауар таңбалары бөлімінің басшысы Дильмурат Шерматов) жұмыс сапарымен келді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесімен танысу, Кедендік тізілімді жүргізу және Қазақстанда кедендік шекарадан өту кезінде контрафактілі өнімді тану болып табылады.
Кездесуді "ҰЗМИ" РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова ашты, ол қонақтарды қарсы алды және институттың халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Өзбекстан Республикасының зияткерлік меншік агенттігімен ынтымақтастықты дамытуға бейілділігі мен дайындығын атап өтті. Ары-қарай "ҰЗМИ" РМК өкілдері зияткерлік меншік объектілерін ұлттық және халықаралық тіркеу бойынша таныстыру презентацияларымен сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік операциялар мониторингі басқармасының бас сарапшысы Болат Мырзагали Кедендік тізілімді жүргізу, Қазақстанның кедендік шекарасынан өту кезінде контрафактілік өнімдерді тану, сондай-ақ осындай тауарларға қатысты шаралар қолдану туралы айтып берді.
2019 жылдың 26 ақпанында Өзбекстан Республикасының зияткерлік меншік агенттігінің өкілдері Астана қаласына ресми сапарының екінші күні барысында "ҰЗМИ" РМК құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жұмыс орындарына барады.