Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

2019 жылдың 26 ақпанында «ҰЗМИ» Авторлық құқық» тақырыбында оқыту семинары болып өтті

27 ақпан, 2019

2019 жылдың 26 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» («ҰЗМИ» филиалы) Алматы қ. филиалында «Авторлық құқық» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.

Алғы сөзді филиал директоры З. Орынбекова алып, авторлық құқық саласындағы заңнамалық актілеріне енгізілген кейбір өзгерістер туралы айтып берді.

Аталған семинарға авторлық құқық саласындағы маман ретінде Б.Т. Айдарбеков шақырылып, «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі» тақырыбында, сондай-ақ Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров «Авторлық құқық объектілерінің түрлері» және «Авторлық құқық объектісіне куәлік алу» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

Семинар барысында авторлық құқыққа өтінім беру және Мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу, авторлық құқық объектісіне авторлық куәлік алу, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары мен салалары туралы және басқа қа сұрақтар қойылды.

Семинар соңында қатысушылар «ҰЗМИ» филиалы қызметкерлеріне оқыту семинарын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, оның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.