Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 01 наурызында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Kaspi Bank» АҚ арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, сақтау және бағалау» тақырыбында семинар өткізді.
Лекторлар ретінде «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Т.В. Горбунова тауар таңбалары туралы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, өтінім беру рәсімдері, басқаның тауар таңбасы бойынша құқықбұзушылық, Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров мысалдар арқылы авторлық құқық негіздері, оларға өтінім беру және куәлік алу туралы кеңінен айтып берді. Сондай-ақ, шақырылған лектор ретінде «Экспертно-оценочный центр» ЖШС директоры О.Г. Кузнецов бағалау тәсілдері, бағалаушының өкілеттігі, бағалаушы қорытындысының сотта қаралуы және т.б. турасында сөз етті.
Семинар жұмысына банктің заң бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар қатысушылары тауар таңбасын қорғау, бұзу, тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесінің артықшылықтары, жалпыға белгілі тауар таңбасы, тауар таңбалары бойынша залалды бағалау, авторлық құқық саласындағы даулар туралы сұрақтар қойды.
Семинар соңында, Заң департаментінің басшысы Б. Кауменов берілген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді.