Ұлттық зияткерлік меншік институты
«ҰЗМИ» командаларын жеңіспен құттықтаймыз!
2019 жылдың 16 наурызында«Наурыз мейрамы»мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдар арасында жыл сайынғы волейбол және шағын футбол турнирі өтті. Әділет министрлігінің басшылығы командалық рух пен командалардың үйлесімділігін тәрбиелейтін және қолдайтын спорттың ойын түрлеріне үлкен мән беретіндігін атап өту қажет.
Өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша Ұлттық зияткерлік меншік институтының ерлер командасы шағын футболданІ орынға, сондай-ақ волейболдан І орынға иеленді.
«ҰЗМИ» әйелдер құрама командасы турнирдің финалына шығып, II орынға ие болды.
«ҰЗМИ» өз жеңістерін жыл сайынғы 26 сәуірде аталып өтетін Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арнады. 2019 жылы бұл мереке «Алтын үшін күрес» ұранымен аталған және спорт әлеміне арналған.
«ҰЗМИ» әйелдер құрама командасы |