Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Назар аударыңыз! «Шапағат» форумы аясында Өнертапқыштар байқауы басталды

26 наурыз, 2019

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 26 тамызы аралығында өткізіледі.

Конкурс жыл сайын өткен жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде өткізіледі.

Конкурсқа 2018 жылы берілген өнеркәсіп үлгілеріне, пайдалы модельдер мен өнертабысқа патенттері бар Қазақстан Республикасының құқық иегерлері қатыса алады.

Интернет-ресурсын пайдаланушылар арасында дауыс беру ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен 10 қазан аралығын қоса алғанда өткізіледі. Дауыстарды санау бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген, кодты растау арқылы жазылады. Дауыстар бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген кодты растау арқылы жазылады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін конкурс қорытындысы шығарылады. Ең көп дауыс жинаған алғашқы он жеңімпаз Конкурс жеңімпаздары болып табылады.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – онлайн-конкурстың басталуы туралы хабарландыру;

екінші кезең – www.shapagat.kazpatent.kz интернет-ресурсында онлайн-өтінімтерді қабылдау;

үшінші кезең – дауыс беру;

төртінші кезең – қорытындысын шығару.

Барлық қалаушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз! Сәттілік тілейміз!

«Шапағат» республикалық форумына» сілтеме:

http://shapagat.kazpatent.kz/kk