Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылғы 27 наурызда «ҰЗМИ» РМК-да «ҰЗМИ» РМК директорыныңміндетін атқарушыКалияБатаева БҰҰ өкілдерімен сақтандыру мәселелері бойынша Боян Константинов және бағдарламалық талдаушы Константин Сокульскиймен кездесу өткізді.
Кездесу барысында халықтың бағасы неғұрлым қолжетімдігенерикалықпрепараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ патенттерді патент иеленушінің рұқсатынсыз пайдалану мәселелері, мұндай пайдаланудың мақсаты коммерциялық табыс алу болып табылмайтын жағдайларда талқыланды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп лицензия беру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. «ҰЗМИ» РМК өкілдері Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасына сәйкес патент иеленуші патентті пайдаланбаған және ол қолайлы коммерциялық патентке лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде кез келген тұлға, егер патент беру туралы мәліметтер алғаш жарияланғаннан кейін осындай өтініш берілген күннің алдындағы кез келген үш жыл ішінде үздіксіз пайдаланылмаса, өзіне ерекше емес мәжбүрлеп лицензия беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы екенін атап өтті. Бұл ретте, айрықша емес мәжбүрлеу лицензиясы ұлттық қауіпсіздікті немесе халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және патент иеленушінің өзінің айрықша құқықтарын теріс пайдалану, мұндай айрықша құқықтарды басқа адамның өз келісімімен асыра пайдалануына жәрдемдесу немесе кедергі келтірмеу қажет болған жағдайларда да беріледі.