Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылғы 29 наурызда Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті Сауле Тлевлесованың басшылығы мен Зияткерлік меншік бойынша Федералдық институт(Роспатент)өкілдерінің, жетекшісі Григорий Ивлиевтің «ҰЗМИ» РМК-ға ресми сапары өтті.
Делегация құрамында ЕАПВ халықаралық байланыс бөлімінің бастығы Андрей Секретов, ЕАПВ халықаралық байланыс бөлімінің жетекші маманы Владислав Кондратенко, Роспатент халықаралық ынтымақтастық басқармасы аймақтық интеграция бөлімінің басшысы Глеб Кувырков қатысты.
«ҰЗМИ» РМК тарапынан іс-шараны директордың міндетін атқарушы Калия Батаева алғы сөзімен ашты. Құрметті қонақтар тарапынан - ЕАПВ Президенті Сауле Тлевлесова және Роспатент жетекшісі Григорий Ивлиев сөз сөйледі. «ҰЗМИ» РМК даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артықова «ҰЗМИ» РМК қызметі туралы қысқаша шолу жасап, Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасындағы өзекті өзгерістерді, соңғы жылдардағы зияткерлік меншік объектілерін ұлттық және халықаралық тіркеу бойынша статистикалық көрсеткіштерді және институт қызметінің өзге де бағыттарын көрсете отырып, сөз сөйледі.
Кездесу барысында «ҰЗМИ» РМК мен ЕАПВ арасында, «ҰЗМИ» РМК мен Роспатент арасында ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Роспатент жетекшісі Григорий Ивлиев жәнеЕАПВ Президенті Сауле Тлевлесова | Директордың м.а. К. Батаева жәнедиректордың орынбасарларыАбулкаиров Н.А., Шугаипова М.С. |