Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылғы 2 сәуірде "ҰЗМИ" РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында докторанттарға зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша көшпелі дәріс оқыды.
"ҰЗМИ" РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Қыдырбаевна Артықова "ҰЗМИ" РМК қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша шолу жасап, зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті өзгерістермен таныстырды және соңғы жылдардағы статистикалық көрсеткіштер бойынша ақпарат ұсынды. Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу мәселелері туралы "ҰЗМИ" РМК Авторлық құқық басқармасының басшысы Алтынай Мухаметкалиевна Тайшева баяндады.
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы" мемлекеттік мекемесі 2015 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Академияға негізгі бағыты құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын жетілдіру және заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту болып табылатын білім беру ұйымының ерекше мәртебесі берілген.
Оқыту сабағы диалогты форматта өтті. Кездесу соңында қатысушылар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыру және алдағы уақытта осындай іс-шараларды ұйымдастыру туралы тілек білдірді.