Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Корей халықаралық әйелдер өнертабыстарының көрмесі 2019

10 сәуір, 2019

Құрметті әйелдер-өнертапқыштар!

Сіздерді 2019 жылдың 20-23 маусымы аралығында Корей халықаралық әйелдер өнертабыстарының көрмесін және «Шығармашылық көшбасшы әйелдерге арналған зияткерлік меншік толқындары» академиясын 2019 жылдың 24-25 маусымы аралығында өткізу туралы хабарлаймыз. Көрменің басты ұйымдастырушысы – Кореялық өнертапқыш әйелдер қауымдастығы.

1993 жылы құрылған сәттен бастап Корей өнертапқыш әйелдер қауымдастығы әйелдердің іскерлік және ғылыми қоғамдастықтардағы маңызын арттыруда жетекші рөл атқарады. Қауымдастық әйелдерге өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға және өзінің экономикалық жағдайын жақсартуға көмектесу үшін зияткерлік меншік саласында оқыту және қолдау бағдарламаларын тұрақты негізде өткізеді. Аталған көрме әйелдердің жаһандық мәртебесін арттыруға және әлемдегі өнертапқыш әйелдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Көрмеге қатысу ақылы болып табылады. Бір көрме стендінің құны - 300 АҚШ доллары (үш өнертабысқа дейін), үшеуден астам өнертабысты ұсыну ниеті болған жағдайда қосымша 150 АҚШ доллары төленеді. Ұйымдастырушылар бір елден өнертапқыш әйелдер делегациясының басшысы ретінде таңдалатын бір өкілге ғана іс-шараны өткізу кезінде эконом-класспен екі жаққа ұшу және тұру шығындарын өз мойнына алуға дайын.

Іс - шаралардың жұмыс тілі – ағылшын тілі. Тіркеу мерзімі – 2019 жылғы 10 мамыр.

Қатысу шарттарын, құнын, сондай-ақ толтыру үшін қажетті құжаттарды көрменің ресми сайтынан табуға болады: http://kiwie.or.kr/newkiwie/eng/exposition/infor.asp.