Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылы 10 сәуірде қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қаласындағы филиалы Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжінің (ОАТЭК) студенттеріне «Ғылым мен техникадағы ғажайып өнертабыстар» тақырыбында семинар өткізді.
ОАТЭК бастауында 75 жылдық даңқты тарихы бар Алматы кинотехникумы бар. Ұлы Отан соғысы жылдарында техникум кино жүйесі үшін кадрлар даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орны болды. Кинотехникум тарихында 1941 жылы Алматыға көшірілген Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты – БМКИ елеулі орын алды. Кеңес Одағының ең ірі киностудиясы «Мосфильм» де, одан кейін «Ленфильм» де көшірілді. Соғыс жылдары Орталық біріккен киностудияда бүкіл киноөнімнің 80% - дан астамы шығарылды. Мұнда мәскеуліктер мен ленинградтықтар бірге еңбек етті.
ОАТЭК базасында шығармашыл және дарынды жастарды анықтау мақсатында жыл сайын бастамашыл колледждер арасында "Техника-жастарға", "IT Open", "Бағдарламашы" байқаулары өткізіледі. Жоғары білікті мамандарды дайындауда оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі ерекше орын алады. Ұстаздар жетекшілігімен олар ғылыми жобалар жасайды, сондай-ақ өндірістік процестерді жетілдіру жобаларын әзірлейді.
Институт өкілдері (Б. Назаров пен Ә. Әбділданова) «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы мен «Болашаққа көзқарас» универсиадасы және «Ғылым мен техникадағы таңғажайып өнертабыстар» туралы айтып берді.
Шара соңында колледж директорыныңоқу істері бойынша орынбасары Н.Н. Жаксыбаева институт өкілдеріне алғыс айтып, алдағы уақытта қызметтеріне жеміс тіледі.