Ұлттық зияткерлік меншік институты
12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні, сондықтан бүгінгі «Өнертапқыш/Изобретатель» бағдарламасының эфирі аэроғарыш саласымен тығыз байланысты "Nazarbayev Fund Schools Challenge" республикалық конкурсына арналды.
Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының бастамасымен, ҚР Әділет министрлігімен, Ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастырумен, сондай-ақ Назарбаев Университеті мен Британдық Кренфилд университетінің қолдауымен 2017 жылдан бастап өткізіледі. Байқау серіктестері "Samruk Kazyna Trust" КҚ және «Эйр Астана» Ұлттық әуетасымалдаушысы.
Байқаудың басты жүлдесі Ұлыбританиядағы Кренфилд университетіне оқу-танымдық сапары шеңберінде іс-сапарға бару болып табылады.
Бүгінгі эфирдің қонақтары 2017 жылғы байқаудың финалистері Жағыпарова Алия, казіргі таңда Назарбаев Университетінің студенті және Ақпан Дінмұхаммед, М. В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің 1 курс студенті. Сондай – ақ, эфир қонағы ретінде конкурстың ұйымдастырушысы – «ҰЗМИ» РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Айдын Артыкова қатысты.
Конкурстың ұйымдастырушысы өткізілетін конкурстың мақсаттары мен міндеттері туралы, байқаудың 2019 жылы да жалғасатыны және қазіргі таңда аймақтық іріктеу турларының жүргізіліп жатқандығынан хабардар етті. Байқаудың финалистері Кренфилдтен алған әсерлері туралы және байқаудың келешектегі мамандықты таңдаудағы ықпалы тұралы бөлісті. Әлия бакалавриатты бітіргеннен кейін аэроғарыштық инженерия бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отыр, ал Димаш болса Конкурс қорытындысы бойынша математика, оның ішінде математикалық физика бағытын зерттеу мен айналысуға шешім қабылдағанын айтты. Бүгінгі күні эфирге қатысқан Конкурс жеңімпаздары өзінің ғылыми жобаларымен айналысады, бұл болашақта өнертапқыштық іске өз үлесін қосатынына сенімдеміз.