Ұлттық зияткерлік меншік институты
«ҰЗМИ» РМК 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А. Ә. Исақұлдың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған іс-шара «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері қозғалды. Өз сөзінде А. Ә. Исақұл «ҰЗМИ» РМК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалау шараларын түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді азаматтық ұстанымды көрсету қажеттігін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар семинар тақырыбы бойынша пікір алмасты және Агенттік өкілі «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.