Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Qazaq» радиосында «Өнертапқыш» радиохабары

03 мамыр, 2019

Ағымдағы жылдың 03 мамырында «ҰЗМИ» РМК «QAZAQ» радиосымен бірлесіп ұйымдастырған «Өнертапқыш» циклынан кезекті радиохабары өтті.«Өнертапқыш» кезекті бағдарламасының қонағы ретінде өнертапқыш және Еуразиялық және Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі, зияткерлік меншік құқығы бойынша менеджер Толыбаев Жалгас Манатұлы сұхбат берді.

Сұхбат кезінде Жалгас Манатұлы қазіргі таңда патенттермен патенттелуге болатын объектілердің түрлері жайлы айтып берді. Жалғас Манатұлы өз сөзінде патент алу сұрақтары бойынша қызмет атқарумен қатар, ғылыми-техникалық жобаларға берілетін әр-түрлі гранттар беру туралы және байқаулар туралы мәліметті өнертапқыштар арасында таратумен айналысатының атап өтті.

Жалгас Манатұлы өзінің тәжірибесінде кездесетін өнертабыстарды патенттейтін тұлғалардың әр-түрлі мақсатта патент тіркейтіні жайлы сөз қозғады. Қазіргі таңда Қазақстанда құрылыс және ақпаратты-коммуникация салаларының қарқынды дамып келе жатқаның атап өтіп, аталған салаларда көптеген өнертабыстар пайда болу мүмкіндігі тілге тиек етілді.

Сонымен қатар, сұхбат кезінде қандай-да идеяның барлығын патенттеу шарт еместігін және өнертапқыш патенттеу туралы шешімді нарыққа шығару немесе лицензия беру мақсаты бар кезде қабылдап, патенттік қорғанысты қолдануы абзал. Бұл жағдайда, патенттің айрықша құқық иегері ретінде өнертапқыш толық қорғаулы болатыны атап өтілді.