Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 03 мамырында "Ұлттық зияткерлік меншік институты" филиалының Оқу орталығы Mary Kay компаниясында "Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және қорғау" тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Mary Kay компаниясы тікелей сату әдісі бойынша жұмыс істейтін ірі косметикалық компаниялардың бірі. Mary Kay компаниясының өнімдері әлемнің 35-тен астам елінде ұсынылған.
Mary Kay компаниясының ғылыми сарапшылары ең озық технологияларды пайдаланып, тері күтімі бойынша инновациялық өнімдер алады.
Аталған семинарда презентациялық материалдар көмегімен Т.В. Горбунова, Ж.А. Серікбаева, Б.О. Назаров дәріс оқыды.
Mary Kay компаниясының қызметкерлері семинарға белсенді қатысып, тауар таңбаларына өтінім беру процедурасы, тауар таңбаларын пайдалану кезінде туындайтын даулар, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану мерзімдері, авторлық құқықтың пайда болуы, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электрондық түрде берудің артықшылықтарына қатысты көптеген сұрақтар қойып, ҰЗМИ филиалының іс-шараларына қатысуға ниет білдірді.
Іс-шара соңында Mary Kay компаниясының заңгері Мария Никитина ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғысын білдірді.