Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 16 мамырында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер Департаментінің қызметкерлері ұлттық және шетелдік патенттеу мәселелері бойынша баяндама жасады.
«Шетелдік патенттеу. Еуразиялық патенттік конвенция және Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес өнертабыстарды патенттеу» тақырыбында өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының басшысы Д.К. Алимжанова баяндама жасады.
Ұлттық патенттеу мәселесі бойынша химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Г.Т. Калтаева «Медицина саласындағы өнертабыстарды патенттеу кезінде өтінімдерді рәсімдеудің талаптары мен ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
ҰЗМИ қызметкерлері тыңдаушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, одан әрі келешектегі ынтымақтастықты талқылады.