Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылғы 24 мамырда Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен Әділет министрлігінің сраптама қызметін ұйымдастыру департаменті, сондай-ақ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «Сот сараптама орталығы» РМКК зияткерлік меншік саласындағы сараптама қызметі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Талқылау тақырыбы болып ұқсас тауарлар арасынан араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi сот сараптамалық зерттеу арқылы тауар таңбаларының ұқсастығын талдау баылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған зерттеулер барысында жан-жақты және объективті тәсілдің маңызды екенін атап өтті. Тараптармен осы саладағы түйткілді мәселелер және оның шешілуі мүмкін жолдары талқыланды.
Бұдан басқа, тауар таңбаларының басқа санатының мысалын қолданып, сарапшылар сараптамалық ұйымдардың тәжірибелік жұмысы барысында қолданатын әдістер мен тәсілдерді егжей-тегжейлі зерттеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Әділет министрлігінің өкілдерімен жоғарыда аталған сараптаманың кейбір мәселелерін бірге зерттеп гуманизациялау арқылы «ҰЗМИ» РМК және «ССО» РМКК көрсетілетін сараптамалық қызметтердің деңгейін жетілдіру жөнінде жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.