Ұлттық зияткерлік меншік институты
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да 2019 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» құрмет атағын беру туралы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімін құттықтау сөзімен ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Гүлнәра Кәкен ашты.
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» директорының бірінші орынбасары, конкурс комиссиясының төрайымы Калия Батаева ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК-ы директорының «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру туралы бұйрығымен таныстырды. Калия Батаева өзінің құттықтау сөзінде, конкурстық комиссияда жеті қолдау хаты мен құжаттарының қаралғандығын атап өтті. Дауыс беру, форма бойынша бағалау парақтарын толтыру арқылы атақ беру ережесіне сәйкес жүргізілді. Дауыс беру нәтижесінде комиссия «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын ең қажетті және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстар болып табылатын, ең көп балл жинаған екі кандидатқа беру туралы шешім қабылдады.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік ленталар табыс етілді.
Исагулов Аристотель Зейнуллинович-техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры |
Балджи Юрий Александрович- «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры |