Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Назарбаев университетінде оқушылар арасында "Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019" республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) финалдық іріктеуі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының оқушылары қатысты.
Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қамқорлығымен өткізіледі. Конкурсты ҚР Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК Назарбаев Университеті мен Крэнфилд Британдық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. «Air Astana» Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы және «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры конкурстың серіктестері болып табылады.
Финалдық іріктеу турының қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің өкілі, Корольдік авиация қоғамының мүшесі, капитан Ян Холлингворт, Air Astana техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Руслан Шаяхметов, Nazarbayev University Research and Innovation System Бизнес-инкубаторының бастығы, "ABC Incubation" бастапқы сатысындағы стартаптарды бизнес-инкубациялау бағдарламасының жетекшісі Анарбек Утегулов, сондай-ақ "Samruk-Kazyna Trust" жобалық басқару департаментінің бас менеджері Жанар Жақсылықова кірді.
Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Павлодар және Ақмола облыстарынан келген оқушылар командалары, сондай-ақ қазылар алқасы белгілеген басқа да аймақтық командалардың оқушылары жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға (40 адам) жүлде ретінде 2019 жылғы 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд Университетіне оқу-танымдық сапар шеңберінде Ұлыбританияға баруға мүмкіндік беріледі.
Соңында Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі Наталья Пан, Назарбаев Университетінің инновация жөніндегі Вице-президенті Ербол Құсаин, "ҰЗМИ" РМК директоры Ербол Оспанов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Анастасия Мамлютова құттықтау сөз сөйледі.
Өз кезегінде, команда жетекшілері мен қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай конкурстарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жеңімпаздар тізімі конкурс порталында "2019 Жеңімпаздары" айдарына орналастырылған (http://shapagat.kazpatent.kz/ru/nfsc).
Фотосуретте: Айдын Артыкова, Анастасия Мамлютова, Ербол Оспанов, Наталья Пан, Ерден Құсаин |
Павлодар және Ақмола облыстарының конкурс жеңімпаздарының командалары |