Ұлттық зияткерлік меншік институты
Тауар таңбаларының халықаралық ассоциациясы (INTA) "Gen Z Insights: Брендтер және контрафактілік өнімдер" зерттеуін жүргізді.
Z ұрпағы 1995 жылдан 2010 жылға дейін туған адамдардың ұрпағы. Бұл ұрпақ өкілдері - "сандық аборигендер" болып табылады. Есептерге сәйкес, 2020 жылға қарай Z ұрпағы тұтастай алғанда тұтынушылардың едәуір санын құрайтын болады, сондықтан тауар таңбалары жөніндегі мамандарға Z ұрпағы мен брендтер арасындағы өзара байланысты, Z ұрпағының контрафактілік өнімге қатынасын және контрафактілік өнімді сатып алу кезіндегі мінез-құлыққа әсер ететін әртүрлі факторлардың маңыздылығы дәрежесін түсіну маңызды.
Зерттеу нысаны 10 елде: Аргентина, Қытай, Үндістан, Индонезия, Италия, Жапония, Мексика, Нигерия, Ресей және АҚШ-та 18-23 жас аралығындағы Z ұрпағының бөлігі болып табылады.
Зерттеу 2018 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін және 2018 жылдың қараша айында жүргізілді. Оған барлығы 4 500-ден астам адам қатысты.
Зерттеу нәтижелері әлемдегі орта есеппен 85% Z ұрпағының 10 елдің әрқайсысында, кем дегенде, зияткерлік меншік туралы кейбір білімі бар екенін көрсетті. Z ұрпағының 93%-ы адамдардың идеялары мен туындыларының құндылығын терең құрметтейді. Z ұрпағының өкілдері Жапония, Нигерия және Италияда моральдық себептер бойынша контрафактілі өнімді сатып алуға қарсылық білдіруде.
Алайда іс жүзінде Z ұрпағы олардың моральдық және табыс сияқты практикалық ойлары арасындағы ішкі қақтығысқа тап болады. Бес ұрпақтың үш өкілі қалайтын өмір салтын өзіне бере алмайды деп санайды.
Сауалнама жүргізілген жылы сұралғандардың 79%-ы контрафактілік өнім сатып алды. Контрафактілік тауарлардың ең жиі сатып алынатын екі түрі киім және аяқ киім/аксессуарлар болып табылады.
Контрафактілік өнімдерді сатып алудың артықшылықтары туралы сұраққа респонденттердің 57%-ы кейбір брендтердің жалған нұсқасын ғана бере алатынына жауап береді.
Респонденттердің 52% болашақта контрафактілі өнімді сатып алу көлемін қысқартуды жоспарлап отыр.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша INTA өкілдері Z ұрпағының контрафактілік өнімге қатынасын өзгерте алатын негізгі факторларды анықтады: өнім қауіпті немесе денсаулыққа нашар әсер етеді, жалған өнімді сатудан түскен ақша қаражаты ұйымдасқан қылмысты қаржыландыруға бағытталады, жалған өнім қоршаған ортаға теріс әсер етеді; сондай-ақ әлем жастарын контрафактілік өнімді сатып алмауға шақырды.
Толық ақпарат INTA ресми сайтында орналастырылған: https://www.inta.org/Communications/Pages/Impact-Studies.aspx.