Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 12 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының сауда және экономикалық даму министрлігінің Ұлттық патенттік-ақпараттық орталығы директорының м.а. Мирзо Исмоилзада, директордың кеңешісі Геннадия Купайи, халықаралық тауар таңбаларын тіркеу басқармасының басшысы Парвиз Миралиев, өнертабыстар және өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Баходур Назаров бастаған делегация «ҰЗМИ» РМК сапармен келді.
Кездесуге «ҰЗМИ» РМК тарапынан директор Ербол Оспанов, директордың бірінші орынбасары Калия Батаева, директордың орынбасары Мақпал Шугаипова, сонымен қатар бөлім басшылары қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесімен, зияткерлік меншік саласындағы заңнамада соңғы өзгерістермен, патенттік іздеу, электронды өтінім берудегі Қазақстандық ведомствоның тәжірбиесімен танысу болды.
Кездесу нәтижесінде тараптар жақын уақытта өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы екі ведомство арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уағдаласты.