Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 30 қыркүйегінде ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Е. Оспанов және Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С. Тлевлесова Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойды.
Келісімнің мақсаты еуразиялық өтінімдерді жіберудің электронды форматына көшу болып табылады. Тараптар көздеген міндеттерін жүзеге асыру үшін аталған ақпараттық жүйелерді веб-сервистер арқылы интеграциялау жұмыстарын жүргізуде.
Келісімнің ережелеріне сәйкес, ұлттық өтінім берушілердің еуразиялық патент алуға өтінімдер беру процесін жеңілдету үшін, аталмыш өтінімдерді Пайдаланушының https://newcab.kazpatent.kz/. жеке кабинеті арқылы қабылдау функционалы іске асырылды.