Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Қазақстанда авторлық құқықтың негіздері» семинары және қауіпсіздік мәселелері бойынша VI IP-форумына қатысты.

11 қазан, 2019

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 10 қазанында қауіпсіздік мәселелері бойынша ITV Axxsonsoft, Intel, Gruding Security, Twin Pro, Commax, NODER және «Рубикон» компаниялар тобы ұйымдастырған VI IP-форумы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар жүзеге асырылған жобалар және баяндамалары бойынша сөз сөйледі, тыңдаушыларға «Интеллект» интеграцияланған қауіпсіздік жүйесінің тиімділігі, жаңа технологиялар мен әзірлемелер туралы айтып, соңғы әзірленген “ақылды” технологияларды көрсетті.

«ҰЗМИ» РМК атынан іс-шараға физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшылары Ш. Бахтияр, Н. Бактыбаева және А. Салим, ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының бас сарапшысы А. Белғара, Патенттік ақпарат және сараптама кезеңдерін автоматтандыру басқармасының бас маманы

С. Әжібекқызы және халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасының аға сарапшысы Д. Чанышева қатысты.

ITV Axxsonsoft коммерциялық директоры А. Христофоров бағдарламалық және техникалық қауіпсіздік құралдары синергиясының маңыздылығын және одан әрі әзірлемеде жасанды интеллектінің маңызды рөлін атады.

Іс-шараның соңында жаңа технологияларды дамыту жетістігінің ажырамас бөлігі ретінде оқыту, тағылымдамадан өткізу және көшпелі семинарларды ұйымдастыру маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ 2019 жылдың 10 қазанында авторлық құқық басқармасының басшысы С. Шидербеков «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Қазақстандағы авторлық құқықтың негіздері» семинарына қатысып, қатысушыларға Қазақстандағы авторлық құқықтың негіздері және авторлық құқықты тіркеу және қорғау туралы айтып берді.

Семинар аясында «Атамекен» ҚР ҰКП «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ бірігіп ұйымдастырған «ALTYN OIMAQ» конкурсының қорытындысы бойынша осы кезеңде анықталған үздік киім дизайнерлері марапатталды,

Айта кетейік, «ALTYN OIMAQ» конкурсы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп, алты номинация бойынша үш кезеңде өтеді. Конкурсты өткізу бәсекеге қабілетті брендтерді құруға дайын мамандардың жаңа буынын анықтауға мүмкіндік береді.

Авторлық құқық басқармасының басшысы С. Шидербеков

Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшылары Ш.Бахтияр, Н.Бактыбаева және А.Салим.