Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ баяндамалармен сөз сөйледі

15 қараша, 2019

Осы жылдың 15 қарашасында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ «Болашақтың өнертабысы. Зияткерлік меншік обьектілерін қорғау » атты семинары өтті. «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері зияткерлік меншік обьектілерінің түрлері бойынша баяндама жасады, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, инноваицялық инфрақұрылыммен өзара іс-қимыл ерекшеліктері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік обьектілерін шетелде қорғаудың ерекшілігі, маңыздылығы және авторлық құқықты тіркеу рәсімі бойынша толық ақпарат берілді.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және селекциялық жетістіктерге 300-ден астам патент иесі болып табылады. Университеттің «Патенттік және өнертабыстық іске қосқан үлесі үшін » Еуразиялық патенттік ұйымының наградасы В.И.Блинников атындағы Алтын медалімен марапатталған. Сондай-ақ, 2019 жылдың маусымында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі, доцентЮрий Балджи «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына ие болды.

Семинар соңында зияткерлік меншік обьектілеріне өтінім беру ерекшеліктеріне назар аудары отырып, агротехникалық инноваицяларды дамыту үшін перспективалы салалар қарастырылды.