Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Оқу орталығы семинар өткізді

21 қараша, 2019

2019 жылдың 21 қараша күні «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институтында" тіркеу арқылы Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау және халықаралық келісімдерге сәйкес халықаралық тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлер атауларын, тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу процедурасымен және өнеркәсіптік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Семинарға "Рахат" АҚ, "Балалар әдебиеті" ЖШС, «Алсад Казахстан» ЖШС, «Legalmax Central Asia» ЖШС, «Зияткерлік меншікті дамыту және оның қауіпсіздігі агенттігі» ЖШС, «CBS Partners» ЖШС, «PGS Energy» ЖШС, «MTI Medical» ЖШС, «ЮРИСТ» заң компаниясының өкілдері, патенттік сенімді өкілдер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинар жұмысында тауар таңбасын Қазақстан Республикасында тіркеу, тауар таңбасына халықаралық өтінім беру, сараптама жүргізу процедурасы (алдын-ала, толық, түзетулер, нақтылаулар, қосымша және т.б.) тауар таңбасын қорғау және пайдалану мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинардың практикалық бөлігіне заң ғылымының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Алматы қ.) «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, ғылым саласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері Қ.С. Мәуленов шықырылып, ол өз кезегінде «Зияткерлік меншік құқықтарды қорғау саласындағы қазақстандық сот тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.