Ұлттық зияткерлік меншік институты
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК 2019 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ басшылығымен жұмыстық кездесу өтті.
Кездесуде «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Батаева Калия Омаровна және ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ төрағасы Ажгалиев Талгат Булатович сөз сөйледі.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Өсімдіктердің жаңа түрлерін күзету бойынша халықаралық одағына кіру жөнінде (UPOV), сондай-ақ селекциялық жетістіктерді атап айтқанда, өсімдіктер түрлерін патенттеудің өзара іс-қимылды оңтайландыру рәсімдері сұрақтары талқыланды.
Кездесу нәтижесінде тараптар тығыз ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру және селекциялық жетістіктерді патенттеудің өзара іс-қимылды оңтайландыру жөніндегі мәселені неғұрлым егжей-тегжейлі талқылау үшін қайталап кездесу өткізу жөнінде келісті.