Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Оқу орталығы студенттерге арналған семинар өткізді

28 қараша, 2019

2019 жылдың 28 қарашасында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Қазақстандық алғашқы IT Университет – Орта Азия аумағындағы жетекші оқу орны. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті аймақтағы IT-индустриясына халықаралық деңгейде танылған білікті мамандар дайындауда көшбасшы болып табылады.

Халықаралық ІТ Университет АҚШ-тың Carnegie Mellon университетінің құрамды бөлімі – білім берудің ең үздік бағдарламалары мен әлемдік тәжірибесі бар IСarnegie-мен тығыз ынтымақтастықта ашылды.

Сarnegie Mellon бүкіл әлемде алгоритм, компьютерлік желілер, бағдарламалау тілдері, робототехника, компьютерлік лингвистика, бағдарламалық жасақтамалар құрастыру бойынша көшбасшы ретінде танылған университет.

Аталған семинарда өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, тауар таңбаларын құқықтық қорғау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, авторлық құқық объектілері туралы да ақпарат берілді.

Қатысушылар жоғарыда аталған объектілер бойынша өтінім беру процедурасы мен құқықтық қорғауға қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.