Ұлттық зияткерлік меншік институты
27-28 және 29 қараша күндері Назарбаев Университетінде үш күндік оқыту семинары өтті.
Іс-шара «ҰЗМИ» РМК ДЗМҰ ынтымақтастығы негізінде және Назарбаев Университетінің «NURIS» инновациялық кластерімен ұйымдастырылды.
Семинардың бірінші екі күні Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жобасын дамытуға (ДЗМҰ) технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) бағдарламасына арналды, онда ДЗМҰ өкілі, бас спикер – бағдарлама координаторы Натали Монтиллот сөз сөйледі.
Натали Монтиллот тыңдаушыларға технологиялар мен инноваицяларды қолдау орталықтарын құру жөніндегі ДЗМҰ бағдарламасын таныстырды, PATENSCOPE деректер базасын пайдалана отырып патенттерді іздеуді тәжірибе мен мысалдарда көрсетті, сондай-ақ ДЗМҰ ТИҚО ресурстарын пайдалану және қол жетімділігі туралы айтты.
Ресей патенттік ведомство өкілдері Екатерина Белова және Зойя Войцеховская технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы желісін дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер инновацияны қолдаудағы патенттік ақпараттың пайдалылығы мен құндылығы, Ресей Федерациясындағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының ресурстары мен қызметтер желісі туралы әңгімеледі, патенттік іздеу құралдары мен стратегияларын, Espacenet жүйесін пайдалана отырып іздеу қалай жүргізілетінін көрсетті.
Өз кезегінде «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Данияр Жумагулов көпшілікке Назарбаев Университетінде көрсетілетін қызметтер туралы инновацияларды қолдау жөнінде айтып өтті.
Атап өтетін маңыздылығы, Назарбаев Университетіндегі Коммерцияландыру кеңсесінде ашылған технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығында өнертапқыштар, студенттер, ғалымдар, бизнес өкілдері зияткерлік меншікті қорғау сұрақтары бойынша сараптамалық кеңес ала алады.
Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы ұлттық желісін одан әрі дамыту бойынша семинардың екі күндік семинары дөңгелек үстелде қорытындыланды.
ҰЗМИ және Назарбаев Университетінің спикерлері 29 қарашада зияткерлік меншік обьектілерін қорғау мәселелері бойынша тыңдаушылар үшін семинар өткізді.
Баяндамалардың бірінші бөлігі Назарбаев Университетінде зияткерлік меншікті коммерцияландыру мен басқаруға сондай-ақ «NURIS» ЖМ ABC Incubation және ABC acceleration қызметтеріне арналды.
Семинардың екінші бөлігінде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова, семинар қатысушыларына өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау және халықаралық патенттеу жүйесі туралы айтты. Бас сарапшы Абзал Әбдімүтәліп тыңдаушыларға тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау туралы түсіндірді.
Соңында «ҰЗМИ» РМК Авторлық құқық басқармасының басшысы Саят Шидербеков, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың негіздері туралы айтып өтті.
«Eurasianbrands» халықаралық патенттік орталығының директоры Куаныш Турсунов зияткерлік меншікті қорғау мәселелері жөнінде сөз сөйледі.
Үш күн ішінде тыңдаушылар қатарында техникалық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, бизнес қауымдастық, патенттік сенім білдірген өкілдер және басқа да мүдделі тұлғалар болды. Спикерлер презентациялар барысында тыңдаушылардың қойылған барлық сұрақтарына толық жауап берді.
|