Ұлттық зияткерлік меншік институты
2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Қазақстан Республикасында өнертабыстарды құқықтық қорғау, сақтау және коммерцияландыру» тақырыбында тәжірибелік семинарын өткізді.
Семинарға «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, С.Д. Асфендиров атындағы ҚазҰМУ, «МиГ» ЖШС, «CloudKitchen» ЖШС, «СИМОН 1997» ЖШС өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Семинар зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық қолдану тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізілді: сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, патенттерді күшінде ұстау, қорғау құжаттарының қолданылу мерзімін қалпына келтіру және тоқтату. Сонымен қатар филиал қызметкерлері "Зияткерлік меншік саласындағы ҚР заңнамаларындағы өзекті өзгерістер туралы" айтып берді.
Сонымен қатар, шақырылған лектор ретінде "Қазақстан Республикасындағы өнертабыстарды коммерцияландыру жолдары" тақырыбында профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ph.D Е.С. Аскаров және "Зияткерлік меншік саласындағы құқықтарды бұзудың бұлтартпау шаралары" тақырыбына Алматы қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Г.Д. Оңғарбаева сөз сөйледі.
Практикалық семинардың соңында пікірталас өткізіліп, онда зияткерлік меншік объектілеріне өтінім беру және оларды коммерцияландыру мәселелері қарастырылды.