Ұлттық зияткерлік меншік институты
IT шешімдерді әзірлеушілер «ҰЗМИ» РМК жүгіну арқылы өнертабыстар, пайдалы модельдерге патенттерді қоса алғанда, зияткерлік меншік обьектілеріне құқықтық қорғау алуға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, өтінім берілген және тиісті төлемді растайтын құжат ұсынылған жағдайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеделдетілген сараптама жүргізу қарастырылған.
Сонымен қатар 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға авторлық құқықтарды куәландыратын куәліктерді алу мүмкіндігі бар, авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күні. Өтінімді egov.kz веб-порталы және біздің сайт арқылы онлайн беруге болады.