Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

«ҰЗМИ» РМК «Жас өнертапқыш мектебі» практикумдар сериясын өткізуін жалғастыруда

28 ақпан, 2020

«ҰЗМИ» РМК өкілдерімен 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының №3 мектеп-гимназиясында 8-10 сыныптарға арналған практикум өткізілді.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артыкова оқушыларға, өнертабыстар деген не, зияткерлік қызметтерге не жатады, бұл нәтижелердің авторлары кім бола алады және ол үшін не қажет, зияткерлік меншік обьектілерін пайдаланушыларда қандай құқықтар мен міндеттер бар және олардың құқық иеленушілерінің заңды мүдделерін бұзбай, осы обьектілерді қала пайдалана алады деген тақырыптарды айтып өтті.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары Инкара Шертышева тыңдаушыларға «ҰЗМИ» РМК «Шапағат» форумы аясында жыл сайын өткізілетін конкурстар туралы айтып өтті. Кездесу соңында оқушыларға «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсының фильмі көрсетілді.

Оқушылар зияткерлік меншік обьектілерін қорғауға, авторлық құқық пен өнертабыстарды пайдалану сонымен қатар «ҰЗМИ» РМК өткізілген конкурстарға қатысты сұрақтар қойып, жоғары белсенділік танытты.

Естеріңізге сала кетейік, Волонтер жылы аясында «ҰЗМИ» РМК қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатында «Жас өнертапқыш мектебі» оқу практикумдар сериясын іске қосты. Бірінші практикум 2020 жылдың 3 ақпанында «ҰЗМИ» РМК базасында Нұр-Сұлтан қаласының 150 оқушысына өткізілді оған елорданың жоғары сынып оқушылары қатысты.

«ҰЗМИ» РМК қысқа курстар мен жылдық бағдарлама шеңберінде зияткерлік меншік бойынша оқытуды өткізуді жоспарлауда.

Айдын Артыкова,Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева,Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары