Ұлттық зияткерлік меншік институты
2020 жылдың 13 сәуірінде «Жас Өркен» балалар республикалық сыйлығының екінші маусымы жеңімпаздары анықталды деп Oбьектив.kz хабарлады, бұл іс-шарада біздің қоғамдағы ең талантты балалар марапатталады. Іс-шараның ұйымдастырушылары, «Республика-Өңір-Даму» ҚҚ және «Қостанай Дарыны» Өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы болып табылады.
Сыйлыққа 14 номинация бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 300 астам үміткер ұсынылды. Дауыс берудің бірінші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 126 номинант қатысты. Ақтық сынға 56 номинантшы өтті.
Қуантарлығы, «Жас зерттеуші» номинациясында (Юный новатор) «Күмбез тәрізді күн трекері» пайдалы модель патентінің авторы және жас өнертапқыш, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі» 11 сынып оқушысыТемирланРахимбаев гран-при жеңімпазы атанды.
Атап өтетін болсақ, 2020 жылдың 3 ақпанында «Волонтер жылы» қарсаңында «ҰЗМИ» РМК ұйымдастыруымен, Темирлан «Жас өнертапқыш мектебі» практикумына қатысқан. Темирлан өз баяндамасында Нұр-Сұлтан қ. мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына өнертабыс тәжірибесімен бөлісіп, аудиторияның сұрақтарына жауап берген.
Өнертапқыш жас ұрпақтың осындай конкурстарға қатысуы, бұл өзінің өнертабысын әлеуетті инвесторлар мен сатып алушыларға көрсетудің тамаша тәсілі.
Анықталғандай, Темирланның жобасы Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің назарын аударды, қазіргі уақытта жас өнертапқышқа, стартапқа әлеуетті инвесторларды тартуда жәрдемдесетін болды. Темирлан өз сөзінде, «Біз өнеркәсіптік мақсат үшін үлгіні іске асырғымыз келеді, яғни үлкен фермерлік шаруашылықтарға қажет болатын панельдері бар трекерлер. Қазір біз үлгілерімізді сынау үшін қолайлы шаруашылықтарды іздейміз» - деп атап өтті, телефонмен сөйлесу барысында.
Атап өтсек, қазақстандық дарынды жастардың шығармашылық белсенділігін біз мұқият бақылаймыз. Дарынды және талантты жастарды қолдау және еліміздегі стартап-экожүйені дамыту мемлекеттік маңызды іс болып табылады, өйткені халықтың игілігі оның шығармашылық әлеуетімен анықталады.