Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Халықаралық іздеу органы және халықаралық алдын ала сараптама органы ретінде Зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметін (Роспатент) таңдаған РСТ жүйесін пайдаланушылар үшін хабарлама

30 сәуір, 2020

COVID-19 пандемиясы және оның Роспатент қызметіне әсері салдарынан, ДЗМҰ халықаралық бюросы және бүкіл әлемдегі почта жүйелері қызметіне әсері салдарынан, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап Халықаралық іздестіру органы (ISA/RU) және халықаралық алдын ала сараптама органы (IPEA/RU) ретінде әрекет ететін Роспатент өтінім берушілерге РСТ өтінімдері бойынша хабарлармаларды, халықаралық іздестіру туралы есептерді, жазбаша хабарламаларды және халықаралық алдын ала сараптама қорытындыларын жіберу тәртібін өзгертті.

Өтінім берушілер ДЗМҰ еРСТ халықаралық бюросының қызметін пайдалана отырып ISA/RU халықаралық іздестіру туралы есебімен және жазбаша хабарламасымен танысып, халықаралық өтінімдер бойынша іс жүргізу туралы толық ақпарат ала алады.

еРСТ қызметін әлі қолданбайтын өтінім берушілерге, тиісті есептік жазба жасау ұсынылады. Бүл қызмет туралы толық ақпарат мына мекен-жай бойынша:https://pct.wipo.int/ePCTExternal/pages/landing.xhtml

Өтінім берушілер, өтініште халықаралық өтінімге оның мекен-жайын көрсетсе отырып, ақпараттық сипаттағы хабарламаларды ISA/RU электрондық пошта арқылы алатын болады.

Халықаралық өтінімге берілген өтініште электрондық поштаның мекен-жайын көрсетпеген өтінім берушілер, оны төменде көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілген ұсынымдарға сәйкес халықаралық бюроға ақпарат бере отырып жасай алады. https://www.wipo.int/pct/en/news/2020/news_0008.html.

Қажет болған жағдайда, өтінім берушілер ISA/RU мекен-жайына көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарлама жібере аладыpct-peo@rupto.ru.