Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерімен онлайн кездесу өтті

26 маусым, 2020

Бүгін 26 маусым 2020 жылы «ҰЗМИ» РМК директоры Ермек Куантыров Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу саласындағы сараптама ұйымымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, оның ішінде өтініш берушілермен электрондық өзара іс-қимыл, мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдер сараптамасы, Апелляциялық кеңес қызметі талқыланды.

Тараптар өткізілген талқылаулардың нәтижелілігін атап өтіп, осындай форматта тұрақты түрде кездесулер өткізуге келісті.