Ұлттық зияткерлік меншік институты
25 тамызда Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры ЕрмекҚуантыровТМД Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің онлайн-отырысына қатысты.
Қатысушы мемлекеттердің өкілдері аймақтағы интеграциялық процестер аясында зияткерлік меншік саласын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратпен алмасты.
Әр түрлі саладағы, соның ішінде кадрларды даярлау және қайта даярлаудың, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдер жасасу арқылы өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.