Ұлттық зияткерлік меншік институты
НҰР-СҰЛТАН – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (ҚАЗПАТЕНТ) оқушылар арасында жыл сайынғы «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» байқауының басталғандығы туралы жариялайды.
Байқауға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Шығармалар (ЭССЕ) 2020 жылдың 2 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді кеңейту және жас ұрпақ арасында патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.
Байқау шарттарымен https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy сілтемесі арқылы танысуға болады.
Жеңімпаздардың есімдері 2020 жылдың 14 қазанында белгілі болады.
Толық ақпарат алу үшін байқау ұйымдастырушыларына+7 702 904 94 65ұялы телефоны немесеd.meirmanova@kazpatent.kzэлектронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.